Астанада әйел мен екі жасар баланың қазасына қатысты жаңа дерек пайда болды

Астанада 27 жастағы әйел мен екі жасар баланың қаза болуына қатысты жаңа деректер белгілі болды. Әлеуметтік желіде қайғылы оқиға болған күні әйелдің тұрғын үйге кірген сәті түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлады, Arbat.Media.

Бейнекадрлардан әйелдің таңғы сағат 04:30 шамасында бірнеше сөмкемен көпқабатты үйге кіргенін көруге болады. Алдын ала ақпарат бойынша, ол осы үйдегі жалдамалы пәтерге орналасқан. Арада шамамен алты сағат өткен соң қайғылы жағдай болған.

Куәгерлердің айтуынша, сенбі күні таңертең 27 жастағы әйел көпқабатты үйдің 15-қабатынан құлаған. Сол уақытта төменде болған екі жасар бала оның үстіне түскен. Салдарынан әйел мен бүлдіршін оқиға орнында көз жұмған.

Қайғылы жағдай болған үйдің тұрғыны Кенжекүл оқиға кезінде естіген дауысты және одан кейін болған жағдайды айтып берді.

Қайғылы оқиға Бейнекадр куәгер оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар