Конституция күні — Тәуелсіз мемлекетіміздің Ата заңы қабылданған күн
Бүгін Конституция күні. Еліміздің бас құжаты — Тәуелсіз мемлекетіміздің Ата заңы қабылданған күн. Мемлекет тұтастығы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтар құқығының сақталуы, демократиялық құндылықтардың барлығы осы заңның аясына топтасқан, - деп хабарлайды Arbat.media.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтіп, Қазақстанның жаңа Ата Заңы қабылданған болатын.
Бұл Конституцияның 1993 жылғыдан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді.
Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. Сот органдарын, Жоғарғы конституциялық және Жоғары арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.
Бастысы — барлық салада азаматтар құқығына басымдық берілді.