Placeholder
Фото: Астана әкімдігі
Astana äkimdigi
Қазақстан жаңалықтары30 тамыз 2024, 9:34

Көшпенділер ойындарына қытайдан қазақ балуандар келе жатыр

Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қытай қазақтары арасынан әртүрлі салмақ бойынша 8 балуан келіп қатыспақ. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отыр. Онда спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне, Қытайдағы «қазақ күрес» қоғамның төрағасы, үздік жаттықтырушы, мемлекеттік I дәрежелі төреші Сұрабалды Ахметұлы мәлім етті.

Фото: Сұрабалды Ахметұлының жеке архивінен

«Астанада өткелі жатқан дүбірлі доданың сәтті өтуіне тілектеспіз! Екі елдің достық қарым-қатынасының арқасында осы шараға қатынасу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Қазақ күресі Қытайдағы қандастар арасында да жақсы дамып келеді. Қалалық, облыстық деңгейдегі жарыстар өтіп тұрады. Балуандарымыз әлемдік жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр. Көшпенділер ойындары аясында өтетін қазақ күресіне Қытай елі атынан 8 спортшымыз бақ сынауға келе жатыр. Олар: 60, 66, 74, 82, және 90 келі салмақта өнер көрстетін болады», - дейді Сұрабалды Ахметұлы.

көшпенділер ойындары қазақ балуандар Қытай

Тақырыпқа жаңалықтар