Костенко шақтасындағы апат: 28 кеншінің денесі табылды, 18 адам іздестіріліп жатыр
Қарағанды облысындағы апат болған шахтада 18 адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский айтты. Бұл туралы Kazinform тілшісі оқиға орнынан хабарлады.
«Дәл қазір біздің филиалдың бөлімшесі шахтадан шыға алмай қалған кеншілерді іздестіріп жатыр. Бізге енді 18 адамды табу керек. Қаза болған 28 шехтердің денесі анықталды. Оларды шахтадан шығару жұмыстары басталды. Сонымен қатар, жараланған 5 адамды құтқару мүмкін болды», - деді Г. Силинский.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: