Қазақстан жаңалықтары24 қазан 2023, 11:00

Коттедж саламыз деп бюджет қаржысын жымқырған

Талдықорған сотында «Береке» коттедж қалашығының сапасыз құрылысында кемшіліктерге жол берген кінәлі тұлғаларға үкім шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазады. 

Жетісу облысының прокурорлары аталған нысанды салу кезінде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеп, тергеу жүргізген.

Коттедж қалашығындағы үйлерге қатысты әкімдік қызметкерлері қамауға алынған. 

Прокурорлық тексеруді бастауға бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет жарияланған құрылысы аяқталмаған үйлер туралы мақалалар себеп болды.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде мердігер келген залалды өтеді, оның ішінде 36 үйді өз қаражатына салды.

30 қыркүйекте жергілікті атқарушы орган 25 үйдің кілтін көпбалалы отбасыларға берді.

Жақын арада тағы 11 үй беріледі. 

Сот үкімімен мердігер ұйымның басшысы, құрылысты техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компанияның жұмыскерлері және тапсырыс беруші — Талдықорған қаласы құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 361-баптың 4-бөлігі және 280-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза арқалады. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талдықорған Жемқорлық коттедж

Тақырыпқа жаңалықтар