Қазақстан жаңалықтары20 қазан 2023, 16:05

Кредиттің ең жоғары сомасына шектеу енгізіледі

Кредиттің ең жоғары сомасына шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова осылай деп айтты.

«Қазір қомақты сомада тұтыну несиесін қарқынды түрде беру үрдісі байқалып отыр. Біріншіден, тұтыну несиесінің өсуіне халық сұранысының артуы да әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда тауарларға қарызды бөліп төлеуге сұраныс көбейген, сондай-ақ тұтыну несиелерін кәсіпкерлік мақсатта пайдалану да артқан. Осының салдарынан кепілсіз тұтыну несиелері бойынша орташа қарыз жыл басындағы 913 мың теңгеден қазір 1 миллион теңгеге дейін жетті».

5 млн теңгеден асатын кепілсіз тұтыну несиелерінің үлесі қазірдің өзінде 12 пайызды құраса, ал қарыз алушылардың саны бойынша 3 пайыз деңгейінде.

«Тұтыну несиесінің шамадан тыс өсуін шектеу аясындағы қосымша шара ретінде агенттік заңнамалық деңгейде осы несиенің сомасына шектеу енгізуді ұсынып отыр».

кредит жоғары сома шектеу Несие

Тақырыпқа жаңалықтар