Қазақстан жаңалықтары20 ақпан 2024, 21:00

Криптовалюта аламын деп 2,7 млн теңгесінен айырылды

Криптовалюта арқылы ақшасын еселемекші болған Ақмола облысы Қосшы қаласының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 2,7 млн теңге ақшасынан айырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен әйел биылғы жылдың қаңтар айында Instagram желісінен капиталды көбейту туралы жарнаманы көріп, қызығушылық танытқан. Жарнама авторлары криптовалютаға инвестиция салғаны үшін қаражатын екі есе көбейтуге уәде берген.

«Сілтеме бойынша өтіп, сайтқа тіркелгеннен кейін әйел жеке парақша мен есепшот ашқан, онда 50 АҚШ доллары болған. Осылайша алаяқтардың арбауына түскен әйел 2 700 000 теңге ақшасын алдын ала ашқан есепшотқа аударып жіберген. Полиция істі тергеп жатыр», - деді ведомстводан.

А

Криптовалюта Қосшы Алаяқтар

Тақырыпқа жаңалықтар