Қазақстан жаңалықтары28 мамыр 2024, 19:53

Медеуде төбелескендердің бірі қарсыласына балта сілтеді

Әлеуметтік желілерде екі адамның төбелескен бейнежазбасы тарады. Қақтығысқа қатысушылардың бірінің қолында балта болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бейнежазбадан Медеу спорт кешені алдында екі адамның жанжалдасып, кейін біреуінің құлап түскенін көруге болады. Жақын маңайдағы адамдар төбелеске қатысқан адамның қолынан балтаны алып, жедел жәрдем шақыруға тырысқан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Аталаған жағдайға байланысты Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді.

— Балта қолданылған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қақтығысқа қатысушы екі адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысушылар өзара таныс адамдар. Басқа жағдайлар белгіленеді, — деп хабарлады департамент баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда оқушы қыздар ер азаматты соққыға жығып, видеоға түсіргенін жазғанбыз.

Медеу Төбелес балта
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар