Қазақстан жаңалықтары21 мамыр 2024, 14:00

Мектеп оқушысы құрдастарының қолынан өлді

Қайғылы оқиға 18 мамыр күні Қызылорда облысының Ш.Қодаманов ауылында болған. Тоғызыншы сынып оқушысы құрдастарының соққысынан кейін қаза тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Марқұм болған жасөспірім 18 мамырға қараған түні 16 жастағы екі құрдасымен жанжалдасып қалған. Олар жолдастарын өлтіргенше ұрып-соққан.

Облыстық полиция басқармасы екі күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Кәмелетке толмаған екі бала күдікті ретінде ұсталып, уақытша қамауға алынды», делінген Қызылорда облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Істің тергеу барысын облыстық полиция басшысы өз бақылауына алды.

Қызылорда облысы Қодаманов ауылы Оқушы өлім

Тақырыпқа жаңалықтар