Қазақстан жаңалықтары22 қараша 2023, 13:02

Мемлекеттік міндетін атқарып жүріп қаза тапқандардың отбасына бір жылда баспана беріледі

ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Заң жобасында азаматтардың кейбір санаттары үшін қолданыстағы жеңілдіктер мен басымдықтарды қайта қарау ескерілген. Мәселен, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтардың белгілі бір санаттарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы меншігіне тегін алу құқығы көзделген. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама аясында тұрғын үй алу кезінде бірінші кезек құқығы қарастырылған. Қазір кезекте 176 мыңға жуық бірінші кезекте тұрғын үй алу құқығы бар азамат қамтылған (ҰОС ардагерлері — 51 адам, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар — 62,6 мың адам, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар — 113,3 мың адам)», — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үйді бөлу кезінде оның көп бөлігі есепке қою күніне қарамастан осындай басым құқығы бар азаматтарға беріледі.

Осылайша бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа санаттары арасында наразылық пен әлеуметтік шиеленісті туғызады.

«Осы тәуекелдерді жою мақсатында заң жобасында көрсетілген басымдықтар қайта қаралады. Ол тұрғын үйді бөлудің жаңа тәсіліне байланысты. Бұл принцип халықтық әлеуметтік жағынан осал топтарының барлық санаттары арасында баспананы әділ бөлуге мүмкіндік береді», — деді министр.

 

 

мемлекеттік міндет қаза тапқандар Баспана мерзім

Тақырыпқа жаңалықтар