Қазақстан жаңалықтары5 мамыр 2024, 3:01

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бюджетіне тексеріс жүргізіліп жатыр

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бюджетіне тексеріс жүргізіліп жатыр дейді Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқу ордаларының 2019-2023 жылдардағы бюджетінің тиімділігі, республика бойынша орта білім беру жүйесін дамытуға тигізген әсері талданып жатыр.

«Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Қазақстандағы төрт облыстың бюджеті, сондай-ақ ӘМСҚ, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерді. Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізіп жатыр. Атап айтқанда аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданады», деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Аудиторлық тексерудің қорытындысы мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылады.

Назарбаев Зияткерлік мектептері Тексеру Жоғары аудиторлық палата бюлжет

Тақырыпқа жаңалықтар