Маңғыстау облысына авиациялық борт жіберілді

ІІМ Маңғыстаудағы 10 адамның өмірін қиған қайғылы апат туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олардың ішіндегі бес әйел – Қарағанды облысынан, біреуі – Астана қаласының тұрғыны.

Өңірге авиациялық борт жіберілді.

Марқұмдардың денелерін тану үшін олардың туыстары ұшып барады.

Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады.

Сонымен қатар аман қалғандар туралы да мәлімет берілді. 

«1964 жылы туған ер адам мен 1967 жылы туған әйел жансақтау бөліміне жеткізілді, жағдайы ауыр. Ал 1960 жылы туған әйел аурухананың травматология бөлімінде жатыр, оның жағдайы тұрақты ауыр», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Маңғыстау Апат Адам борт

Тақырыпқа жаңалықтар