Placeholder
Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Türkistan taz äkimdigi
Қазақстан жаңалықтары29 тамыз 2024, 21:42

Нұрлан Өнербаев Түркістан облысының Құрметті азаматы атанды

Түркістанда Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Айбары мықты – Ата Заң» іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, өңірдің жетістіктері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар тұрғындарды мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен өңірде ауқымды жобалар қолға алынды. Осы маңызды істерді атқаруға үлес қосып жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін. Облыс тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады және ауылды жерлерді қажетті инфрақұрылыммен қамту – басты бағытымыздың бірі. Еліміз бұдан әрі дамуы үшін әрбір азамат Ата заңымыздың ұстанымын қатаң сақтай отырып, еңбек ете білуі тиіс. Бұл ретте, «Еңбек адамы» бейнесін насихаттау болашақ ұрпақ үшін таптырмас үлгі болары хақ. Ата заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!» – деді Дархан Сатыбалды.

Нұрлан Өнербаев Түркістан облысы Құрметті азамат

Тақырыпқа жаңалықтар