Placeholder Орал қаласының әкімі қызметінен кетті
Миржан Сатқановтың әлеуметтік желідегі парақшасынан
Миржан Сатқанов
Қазақстан жаңалықтары22 шілде 2024, 15:43

Орал қаласының әкімі қызметінен кетті

Орал қаласының әкімі Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында мәлім етті. М.Сатқанов бұл қызметте екі жылдан астам уақыт бойы оралдықтармен қоян-қолтық жұмыс істегенін атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны болып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім. Біз барша оралдықтармен бірге үлкен жұмыс ісдедік деп ойлаймын. Тек көктемгі су тасқынымен күресіп, оның салдарымен айналысқан кезде ғана емес, сонымен бірге 2 жыл бойы сүйікті қаламызды одан ары көркейтуге тырыстық. Бұл – туған жеріне жанашыр әр азаматтың өлшеусіз еңбегі. Қазір барлық салада жұмыс жолға қойылған. Жаңадан тағайындалатын қала әкімі өңірдегі жағдайды жедел түсініп, жұмысты жүйелі жалғастыратынына, ал болашақта шаһарымыз үшін жаңа жобаларға бастамашы болатынына сенемін», - деп жазды М.Сатқанов.

Миржан Сатқанов Орал қаласының әкімі болып 2022 жылы 26 сәуірде тағайындалған еді.

Бұдан бұрын Орал қаласына жаңа әкім тағайындалғанын жазған едік. Сондай-ақ Қайыржан Меңдіғалиев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

Миржан Сатқанов Орал әкімі қызметтен кетті Денсаулық

Тақырыпқа жаңалықтар