Қазақстан жаңалықтары1 шілде 2024, 14:00

Патруль көлігі сәбиі бар әйел отырған көлікке соғылды

Алматы облысында полицейлер жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған көлікке соғылды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан патруль көлігінің жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған машинаны арт жағынан соққаны көруге болады. Кейін оның ішінен баласын көтерген әйел шықты. Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты 27 маусым күні Алматы-Жандосов тас жолының 25 шақырымында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Hyundai Elantra және Toyota Ipsum көліктерінің қатысуымен болған жол апатынан ешкім зардап шекккен жоқ. Көліктерге механикалық зақым келген. Апатқа кінәлі адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды»,- деп атап өтті ведомстводан.

Алматы облысы патруль көлігі Ана мен бала Апат

Тақырыпқа жаңалықтар