Қазақстан жаңалықтары10 сәуір 2024, 15:32

Петропавлға өңір аудандарынан көмекке волонтерлер келіп жатыр

Петропавлда бөгеттерді нығайту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жұмыста волонтерлердің жұмысы да өлшеусіз. Бүгін көмекке Аққайың ауданынан 60 волонтер көмекке келді. Солтүстік Қазақстан облысында қазір Есіл өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде жағдай күрделі. Қалған аудандарда қарғын судан келген қауіп сейілді. Мәселен Аққайың ауданында жағдай тұрақталды, ауылдар су кіруден аман қалды. Сондықтан мұндағы ағайын Петропавлды тасқын судан құтқаруға көмектесу үшін қалаға келді. ғы қиын жағдайға бей-жәй қарамаған ауданның белсенді тұрғындары бүгін қалаға көмекке келді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Аудан әкімі үндеу жасап, біхз қолдау көрсетіп, көмектесуге өз еркімізбен келіп отырмыз. Осындай қиын-қыстау сәтте бірігіп, қиындықпен бірлесе күрескен жағдайда алынбайтын қамал жоқ. Бұл қиындықты да еңсереміз деп ойлаймын. Арамызда 18 жастағы волонтерлер де бар. Қыс бойы өзіміздің аудандағы жалғызілікті қарттарға көмектестік, аулаларын қардан тазарттық», - дейді Аққайың ауданының тұрғыны Рахмет Айғожин.

асқын сумен күреске Петропавл қаласы бойынша 500-ге жуық волонтер ат салысып жатыр. Олардың ішінде «күміс волонтерлер» де бар. Бастамашыл топтың жетекшісі Сәуле Тахметованың айтуынша, олардың қатарында 34 адам бар. Ең жасы – 65-те. 

«Мұндайда қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Су басу қаупі бар аудандарда жаднама таратып, тұрғындарды ескерттік. Жігіттеріміз қаптауға көмектесті. Кеше жиналыс өткізіп, 94 мың теңге жинадық. Бұл қаражатты көмек керек адамдарға жұмсаймыз, азық-түлік, жеке бас гигиенасына қажет заттарды алып береміз», - дейді Сәуле Тахметова.  

 

Тасқын Көмек Петропавл волонтерлер

Тақырыпқа жаңалықтар