Қазақстан жаңалықтары20 наурыз 2024, 18:21

Қайрат Сатыбалдыұлына тағылған тағы бір айып бойынша сот қашан өтеді

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты іс бойынша басты сот талқылауы өтетін күн белгіленді. «Басты сот талқылауы 1 сәуірге тағайындалды» деп атап өтті Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қайрат Сатыбалдыұлына қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды (жылыстатты) деген айып (ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы) тағылып отыр.

Басты сот талқысы 2024 жылғы 1 сәуір сағат 10:00-де басталады.

Еске салсақ, 2022 жылы Қайрат Сатыбалдыға сот үкімі шығып, ол 6 жылға сотталған еді.

«Қазақтелеком» және «Көліктік сервис орталығы» компанияларының қаражатын жымқырды деген айыппен бас бостандығынан айырылған Қайрат Сатыбалды жазасын Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатыр.

Қайрат Сатыбалды сот

Тақырыпқа жаңалықтар