Қазақстан жаңалықтары22 ақпан 2024, 0:48

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турниріне қатысып, сәттілік тіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысып, турнир қатысушыларына сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Президент ресми мінберден «Болашақтың ойындары» турнирінің салтанатты ашылу рәсімін тамашалады.

Ресейдің мемлекеттік әнұраны орындалғаннан кейін Владимир Путин жарысты ашық деп жариялады.

Қазақстан Президенті турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.

– Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады. Содан соң жарысқа қатысушы мемлекеттер туларының шеруі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Болашақтың ойындары халықаралық турнир тілек

Тақырыпқа жаңалықтар