Қазақстан жаңалықтары17 қараша 2023, 20:50

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасын қолдауға стадионға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін «Астана Арена» стадионына келді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кездесу Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келді

Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасы қолдау Стадион

Тақырыпқа жаңалықтар