Қазақстан жаңалықтары26 қаңтар 2024, 11:12

Қазақстан мен БАӘ заңсыз алынған активтерді қайтаруға ЖИ пайдаланады

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барып, онда БАӘ Әділет министрі Абдулла бин Сұлтан бин Ауад әл-Нуаймимен және осы елдің Бас прокуроры Хамад Сейф әл-Шамсимен кездесулер өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы жария етті.  

Әріптестер ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейту және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. 

Қазақстанның бас қадағалау органының басшысы өз сөзінде ҚР мен БАӘ ұқсас сын-қатерлер мен қауіптерге тап болатынын, сондықтан қылмыспен күрес мәселелерін бірлесіп шешу, үздік жұмыс тәжірибесімен үнемі алмаса отырып, заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұру ерекше маңызды екенін атап өтті. 

         Фото: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Сапар нәтижесінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен БАӘ Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Тараптар оны жүзеге асыру қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді. 

Қазақстан БАӘ ЖИ активтерді қайтару

Тақырыпқа жаңалықтар