Placeholder
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары1 қыркүйек 2024, 10:00

Қазақстан мен Түркияның сауда айналымын 15 млрд долларға жеткізеді

Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне кіреді және барлық салада сауда-саттықпен айналысатын жетекші елдердің бірі саналады. Бұл туралы Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Біз былтыр 2023 жылы айтарлықтай ірі, 9 миллиард долларға жуық сауда айналымын жасадық. Бұл Түркиядағы статистикалық деректер мәліметі. Биылғы алғашқы алты айда да осындай көрсеткіш қайталанды. Былтыр екі елдің президенті Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы саммитінде келіссөздер жүргізген болатын. Сонда жылдық сауда айналымын 15 млрд долларға жеткіземіз деген мақсат қойдық және оған қол жеткізе алатынымызға сенімдімін», - деді М. Капуджу.

Елшінің айтуынша, «Орта дәліз» жобасы бойынша тек тауар айналымы емес, қызмет көрсету саласында да көрсеткіштерді арттыру көзделіп отыр.

«Жоғарыда атап өткен 9 миллиард долларлық айналым тек тауар айналымына қатысты. Ал қызмет көрсету саласындағы көрсеткіштерге көз тастасақ, бұл саланың одан да тиімді тұстарын аңғаруға болады. Бұл тұрғыда логистика саласы туралы айтуға болады. Түркия «Орта дәлізден» өтетін барлық тауардың соңғы үш жылда үш есе өскенін көріп қуанып отыр. Осы бағытта Түркия әлі де болса инвестиция құюды жалғастырады», - деді спикер.

Сонымен бірге Баку – Тбилиси – Карс теміржолының әлеуеті артты. Бұл логистикалық қолдау мен транспорт жүйесінің дамуы, инвестициялардың ұлғаюы арқылы алға қойған сауда айналымы мақсаттарына айтарлықтай жақындау бар.

«Әрине, қолда бар мүмкіндікті, әлеуетті толығымен қамтыдық деп айту мүмкін емес. Мұның да өзіндік себептері бар. Қауіпсіздіктің кейбір салаларында орын алған геосаяси тепе-теңдіктің өзгеруіне байланысты елдер арасында қауіпсіздік пен сенім мәселесі туындады, бұл жаһандық сауданың негізгі кедергілерінің бірі болып отыр. Түркия мен Қазақстан географиялық жағынан өте маңызды аймақта орналасқанын айтып өту керек. Өздеріңіз білетіндей, кейінгі жылдары экономикалық қызметтің назары Азияға ауып келеді. Бүгінде Орта Азия сауда орталығына айналды, ал Батыс елдері – бұл тауарлар үшін негізгі нарық көзі болып отыр. Осы себепті ең алдымен логистикалық инвестицияларға көңіл бөлуіміз керек. Бұл бәсекелестік жағдайында біз де – Түркия мен Қазақстан Азия мен Еуропаны бір-біріне байланыстыратын мемлекеттер ретінде бұл артықшылықты көбірек пайдалануымыз қажет», - деді М. Капуджу.

Қазақстан түркия сауда айналымы 15 млрд доллар

Тақырыпқа жаңалықтар