Қазақстан жаңалықтары17 қараша 2023, 3:23

Қазақстанда 20 миллион халық: Қызықты демографиялық деректер

Қазақстан халқының саны ресми түрде 20 миллионға жетуіне орай бірінші кредит бюросы қызықты демографиялық деректер ұсынды, - деп хабарлайды Arbat.media

— Жас қыздардың ең көп шоғырланған жері Астанада. Жыл басында жас қыздардың үлесі халықтың 16,8 пайызын құрады.

— Жалпы жастардың үлесі үш негізгі қалада жоғары. Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әрбір үшінші тұрғыны — 14 - 35 жас аралығында.

— Қазақстандықтар арасында ең саны көп топ — 16 - 62 жас аралығындағы ер азаматтар: 5,71 млн адам.

— Ұзақ өмір сүретін ерлерге қарағанда әйелдердің саны әлдеқайда көп. Жыл басында 85 жастан асқан қазақстандық әйелдердің саны 89,9 мың болса, олардың еркек құрдастары 2,7 есе аз. 

— Халық саны 22 жыл қатарынан өсіп келеді, ғасырдың басынан бері орташа өсім қарқыны — жылына 1,2%. 

— Өткен жылы әр 100 балаға 65 жастан асқан 28 адам келді. Бұл көрсеткіш Маңғыстау облысында ең төмен (10,8), Шығыс Қазақстан облысында ең жоғары (56,9). 

Қазақстан демография деректер

Тақырыпқа жаңалықтар