Placeholder Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады
Фото: vera.kz
vera.kz
Қазақстан жаңалықтары30 шілде 2024, 12:00

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады

2024 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең жоғары жалақы төленетін қызмет түрлері анықталды. Ұлттық статитика бюросының дерегі бойынша, орташа есеппен ең жоғары жалақыны сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін ұсынатын мамандар алады екен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы - 1 372 158 теңге. Өз кезегінде орташа есеппен ең төмен жалақы балық аулау және балық өсіру қызметін ұсынатын мамандарға тиесілі. Бұл қызмет түрін ұсынатын мамандардың орташа жалақысы айына 134 621 теңгені құраған», деп жазды бюро.

Қазақстандағы бір қызметкердің орташа айлық көрсеткіші 382 276 теңге екенін ескерсек, ең жоғарғы айлық бұл көрсеткіштен 3,4 есеге жоғары, ең төменгі орташа айлық 2,8 есе төмен екенін аңғарамыз.

Теңіз және су жағасындағы жүк көлігінің қызметі, биылғы айлық орташа табыс - 1 028 881 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс - 982 098 теңге. Өсім - 46 783 теңге.

Жеке меншік жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату қызметі, биылғы айлық орташа табыс - 973 927 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс - 263 928 теңге. Өсім - 709 999 теңге.

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер көрсететін мамандардың биылғы айлық орташа табысы - 938 377 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс - 857 117 теңге. Өсім - 81 260 теңге.

Жолаушылар әуе көлігінің қызметі, биылғы айлық орташа табыс - 927 318 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс - 909 239 теңге. Өсім - 18 079 теңге.

Әуе көлігінің қызметі, биылғы айлық орташа табыс - 916 408 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс - 897 497 теңге. Өсім - 19 911 теңге.

Құбыр көлігінің қызметі, биылғы айлық орташа табыс - 885 665 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс - 816 195 теңге. Өсім - 69 470 теңге.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу қызметі, биылғы айлық орташа табысы - 889 029 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс - 771 048 теңге. Өсім - 117 981 теңге.

Қазақстан жоғары жалақы қызмет түрлер

Тақырыпқа жаңалықтар