Қазақстан жаңалықтары27 тамыз 2024, 16:00

Қазақстанда қанша мектеп интернетпен қамтылған

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында білім ұяларын жоғары жылдамдықты интернетпен қамту көрсеткішін жариялады.  Министрлік келтірген дерекке сай, елдегі 89 пайыз мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай-ақ интернеттің орташа жұмыс істеу қарқыны да артқан.

Мәселен, былтыр интернеттің орташа жылдамдығы 4 Мбит/с болса, биыл бұл деңгей 75 Мбит/с-ке жеткен.

Ал шалғай аудандарда орналасқан 1731 мектеп Starlink жүйесіне қосылған.

Қазақстан мектептер Интернет

Тақырыпқа жаңалықтар