Placeholder
Коллаж: Kazinform; DALL-E
DALL-E
Қазақстан жаңалықтары26 тамыз 2024, 9:00

Қазақстанда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім — 6 мың теңге

Ұлттық статбюро еліміздегі бақыланбайтын экономиканың үлесі жайлы ақпарат жариялады. Былтыр өндірілген жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі — 119 808 038,7 млн теңге. ЖІӨ өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1% ға өсті. Жалпы өңірлік өнімнің ең жоғары өсім қарқыны Жетісу облысында (12,6%), Алматы қаласында (9,7%) және Атырау облысында (7,4%) байқалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

ЖІӨ өсуіне Алматы қаласы (1,88 п. т.), Атырау облысы (0,98 п. т.) және Астана қаласы (0,54 п. т.) ең үлкен үлес қосты.

Ал жалпы ішкі өнімдегі бақыланбайтын экономиканың үлесі 17,52% болды және алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,26%-ға кеміді.

Бақыланбайтын экономиканың жалпы өңірлік өнімдегі ең аз үлесі Атырау (9,63%), Ұлытау (10,39%) және Батыс Қазақстан (12,31%) облыстарында байқалып отыр.

Ең үлкен үлес — Жетісу (32,29%), Түркістан (30,81%) және Жамбыл (24,24%) облыстарында.

Айта кетейік, бақыланбайтын экономика — ұлттық шоттарды құру үшін пайдаланылатын негізгі дереккөзден ақпарат жинау кезінде қамтылмаған өндірістік қызмет түрлері.

2023 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 6020,4 мың теңге болды. Өңірлер бөлінісінде бастапқы қатарды Атырау облысы (20509,2 мың теңге), Алматы қаласы (11340,6 мың теңге) және Ұлытау облысы (9367,5 мың теңге) алды, ал соңғы қатарларда Түркістан (1902,6 мың теңге), Жетісу (2444,9 мың теңге) және Жамбыл (2500,5 мың теңге) облыстары орналасқан.

Қазақстан ЖІӨ 6 мың теңге

Тақырыпқа жаңалықтар