Placeholder
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары26 тамыз 2024, 10:00

Қазақстандағы мұғалімдердің көбі — модератор мен сарапшы

Қазақстан мектептерінде 398 854 педагог жұмыс істейді. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігінен хабарланды. Оның ішінде 91 878 модератор, 87 685 сарапшы, 76 021 зерттеуші, 3 566 шебер бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Еске сала кетейік, бұған дейін түлектер жиі таңдайтын мамандық — мұғалім екенін хабарлаған болатынбыз.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында — 245 мұғалім, ал Шығыс Қазақстанда — 132 ұстаз жетіспейді.

Ал Маңғыстау облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 60 мұғалім жұмыстан босатылды.

Бұған дейін Атырау облысында сатып алынған жалған дипломмен жұмыс істеп келген 80-нен астам мұғалім анықталған болатын.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жоғары білім туралы жалған дипломдарға қатысты қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді.

Қазақстан модератор сарапшы мұғалімдер

Тақырыпқа жаңалықтар