Қазақстан жаңалықтары23 мамыр 2024, 15:00

Қазақстандық әнші әдепсіз сөздер айтқаны үшін жеті тәулікке қамалды

Қазақстандық танымал әнші Фарема Қазақпаева әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған әншіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Сот YouTube видео хостингінде К. әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғанын анықтады. Одан әрі бұл видео басқа әлеуметтік желілерде тараған», - делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында К., өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот қаулысымен Қ. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Фарема Қазақпаева әлеуметтік желі әдепсіз сөздер жеті тәулік

Тақырыпқа жаңалықтар