Қазақстан жаңалықтары10 маусым 2024, 17:14

«Қазсушар» бас директоры қызметінен алынып, бес қызметкері жазаланды

Жоғары аудиторлық палата тексерісінің қорытындысы бойынша «Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері жауапкершілікке тартылды. Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерістің қорытындысы бойынша заңбұзушылыққа жол берген «Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тексеріс соңына қарай «Қазсушар» бас директорының міндетін атқарушы лауазымынан босатылды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сондай-ақ, жобаларды іске асыру бөлімі мен гидротехникалық құрылыстарды пайдалану бөлімінің басшылары, Жетісу облысы бойынша филиал директоры, Жетісу облысы бойынша филиалдың бас инженері және Ақтөбе филиалының директоры жауапкершілікке тартылды.

«Қазсушардың» басшылық лауазымдағы қызметкерлерін жауапкершілікке тарту Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің құзыретіне кіреді. Жауапкершілікке тартылған қызметкерлер туралы ақпарат Жоғары аудиторлық палатаға жіберілді», — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Қазсушар қызметінен кетті жауапкершілікке тартылды бас директор

Тақырыпқа жаңалықтар