Қазақстан жаңалықтары15 қараша 2023, 15:29

Қорғаныс министрі: Тек әлсіздер әйелге қол көтереді

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Тәрбиенің негізі отбасыдан басталады, яғни ата-ана баласына қалай қараса, бала кейін өзгелерге де солай қарайды. Жалпы, әйелдерге қол көтеру кез келген еркекке абырой әкелмейді. Тек әлсіздер ғана әйелдерге қол көтереді. Ең алдымен, ер адам өз мемлекетінің де, отбасының да қорғаушысы. Бірақ егер ер адам әйеліне қол көтерсе, оның не мән-мағынасы бар?», - деді Р. Жақсылықов Парламент Мәжілісінді тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Қазір қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі қызу талқыға түсіп жатыр. Осы орайда жақында Қазақстан халқы ассамблеясының «Аналар» кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай отбасылық келіспеушіліктің бәрін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жатқызуға болмайтынын айтты.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев отбасындағы зорлық-зомбылықты тек заңнаманы өзгертумен шешуге болмайтынын мәлім етті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, теолог Елбек Тасболатұлының пайымынша, отбасы мәселесінде ұлттық тәрбие жөнінде кеңес бере алатын мамандар керек.

Руслан Жақсылықов отбасындағы зорлық-зомбылық әйелге қол көтеру

Тақырыпқа жаңалықтар