Placeholder Қызылорда облысында сегіз адам мінген автокөлік аударылып, бір адам көз жұмды
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары12 тамыз 2024, 9:00

Қызылорда облысында сегіз адам мінген автокөлік аударылып, бір адам көз жұмды

Қызылорда облысында сегіз адам мінген адам автокөлік аударылып, бір адам қаза тапты. Оқиға Арал ауданы аумағындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болды. Автокөлік Қазалыдан Арал қаласына қарай бағыт алған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Жол бойында 63 жастағы жүргізушінің автокөлігі аударылған. Оның ішінде болған сегіз адамның біреуі қайтыс болған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

 

Қызылорда облысы Жол апаты

Тақырыпқа жаңалықтар