Қазақстан жаңалықтары24 қараша 2023, 14:55

Қызылшаға қарсы вакцина басқа да жұқпалы аурулардан қорғайды

Қызылша - әлемдегі ең жұқпалы және өлімге әкелетін аурулардың бірі және оған қарсы жалғыз және сенімді құрал тек  вакцинация, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Алматыдағы № 36 қалалық емхананың директоры Гүлжайнат Тілеген айтты  деп жариялады Kazinform.

Қызылшамен ауырғандар бөртпе пайда болғанға дейін төрт күн және одан кейін төрт күн жұқпалы болады. Бұл аурудың таралуын тежеуді қиындатады. Қызылша пневмония, энцефалит, тіпті өлім сияқты ауыр асқынуға әкелуі мүмкін.

Вакцина қауіпсіз әрі тиімді және ауруға қарсы ұзақ мерзімді иммунитетті қамтамасыз етеді.

«Бірінші егу 12 айлық балаларға, екіншісі олар 6 жасқа толғанда жүргізіледі. Қызылшамен ауыратын науқастардың көбеюіне байланысты Қазақстанда қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізіліп жатыр. Қазір біздің емханада 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға егу жүргізіліп жатыр. Келесі айдан (1 желтоқсаннан) бастап 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар егіледі. Бұл ауру жұқтырған балалардың 60%-ының жоспарлы түрде екпе алмауына, көп жағдайда ата-аналарының екпеден бас тартуына байланысты», - дейді дәрігер.

 

қызылша вакцина Қазақстан жұқпалы аурулар

Тақырыпқа жаңалықтар