Қазақстан жаңалықтары30 сәуір 2024, 11:00

Ресей-Қазақстан шекарасында — жүк көліктері кептелісі

Батыс Қазақстан облысында Ресей-Қазақстан шекарасында жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Ресейдің Орынбор облысы бойынша Шекара ведомствосының ресми ақпаратына сәйкес «Маштаков» халықаралық автомобиль өткізу бекетінде (бұған жалғас Қазақстан жағында «Сырым» өткізу бекеті орналасқан) 29 сәуірден 18 мамырға дейін шекаралық бақылауда техникалық құралдарға қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу жоспарланған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.  

«Осы кезеңде «Маштаков» бекеті арқылы жүк көліктерінің өтуі уақытша қиындайды. «Маштаков» және «Сырым» бекеттерінің өткізу қабілеті елеулі түрде төмендейді. Осыған байланысты жүргізушілерге балама бағытпен, атап айтқанда, «Ақсай», «Шаған» және «Тасқала» автомобиль өткізу бекеттері арқылы мемлекеттік шекарадан өту ұсынылады», деп хабарлады ведомстводан.

Жүк көліктері жүргізушілерінің сөзіне қарағанда, Ресейден Қазақстан жағына қарай өтетін жерде кезек көп. Жүк көліктері шекарадан жай өтуде.

Ресей-Қазақстан шекара жүк көліктері Кептеліс

Тақырыпқа жаңалықтар