Қазақстан жаңалықтары21 маусым 2024, 13:00

Сарбаздар білім алу жеңілдігіне ие болу үшін іріктеуден өтеді

Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері, Мемлекеттік күзет қызметі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді оқуда жеңілдік алу үшін конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығын дайындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Нормативтік құқықтық акт „Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы“ ҚР Заңының 50-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына және „Қазақстан Республикасының ғылым және білім мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы“ Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 мамырдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Премьер-Министрдің 2024 жылғы 13 мамырдағы өкімінің 30-тармағына сәйкес әзірленді», - делінген хабарламада.

Құжат мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жоғары әскери, арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу жеңілдіктерін алу үшін конкурстық іріктеудің бірыңғай қағидаларын айқындау мақсатында әзірленіп отыр.

Бірлескен бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 28 маусымына дейін сілтемесі бойынша танысуға болады.

Тақырыпқа жаңалықтар