Placeholder
Фото: Айбек Құттыбек/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары6 қыркүйек 2024, 13:00

Сарыөзекте абайсызда оқ тиген әскери қызметшіні ауруханаға апармай, пәтерде ұстаған

Жетісу облысының Сарыөзек ауылында 19 жастағы әскери қызметшіге оқ тиіп, ауруханаға түсті. Оқиға 2 қыркүйек күні болған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқ тиіп жараланған әскери қызметкер — Темірбек Мыңжасаров. 19 жастағы кіші сержант Сарыөзек гарнизонындағы әскери бөлімде жұмыс істеген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол сол жерде отан алдындағы борышын өтеп, бір жыл бұрын ғана келісімшартпен әскери қызметке қабылданыпты. Қазір ол ресми еңбек демалысында, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«2 қыркүйек күні қауіпсіздік шараларын сақтамағаннан әскери қызметші жарақат алды. Қателеспесем ол дүйсенбі ме, сейсенбі ме еңбек демалысына шыққан. Тергеу амалдары жүріп жатуына байланысты басқа ақпарат бере алмаймын», -дейді 12740 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрғали Ақылбеков.

Темірбек Мыңжасаровтың оң қолы жараланыпты. Оқ оның білегін тесіп өткен. Туыстарының айтуынша, кіші сержантты әріптесі байқаусызда атып алған.

Алайда, әскери бөлімдегілер ұлымның жарақат алғанына қарамастан ауруханаға апармай, пәтерде тығып ұстап отырған дейді Бақытбек Қасымбеков.

«Барған кезде баламды әскери тергеу басқармасының жігіттерінің штабынан тауып отырмын, ол жігіттер баламды 3-үй, 3-пәтерден біреудің пәтерден тауып алған. Балам тарақан қаптап жүрген, бомждардың мекеніндей жерде жатқан. Тарақаннан басқа жейтін ештеңе жоқ ол жерде, антисанитария, ешқандай тазалық жоқ. Әлсірегеннен балам басын көтере алмай тұр. Әскери тергеу басқармасындағылар тауып бермегенде баламның сүйегін де таппай қалатын жағдай болып тұр екен», — дейді әскери қызметшінің әкесі Бақытбек Қасымбеков.

Қазір Мыңжасаров Ескелді аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Әкесінің айтуынша ол ресми түрде еңбек демалысында екенінен бейхабар.

Сарыөзек әскери қызметш Қылмыстық іс

Тақырыпқа жаңалықтар