Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары22 тамыз 2024, 20:09

33 адам 13 млрд теңгеге банкрот деп танылды. Банкрот болған адамдардың орташа жасы

Сот арқылы банкрот рәсімін қолдануға 3,3 мың адам жүгінді, дейді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Айт кетсек, 1,5 жылда соттан тыс банкрот рәсіміне 109 мыңнан астам өтініш берілген. 

«Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қолдану үшін сотқа жалпы 3 350 азамат жүгінді. Оның ішінде 33 адам 13 млрд теңгеге банкрот деп танылды. 4 адам төлем қабілетін қалпына келтіріп жатыр», - деді М.Сисембаева.

Оның айтуынша, аталған 33 адамның банк алдындағы қомақты қарызы жинақталып қалған.

«Кезінде банктер жеке кәсіпкерлерге қарыздарды берген. Қазір бұл адамдарда кәсіпкерлігі жоқ, яғни жеке өзі ғана қалған. Сондықтан осы адамдар сот арқылы банкрот деп танылып жатыр. Бұл ретте, кезінде осы қомақты қаражатты берген банк өкілдеріне біраз сұрақ бар. Осы орайда Қаржы нарығын реттеу агенттігіне хат жолдадық. Яғни мұндай қомақты қаражат берген қаржы ұйымдарынан сұрау болу керек шығар. Біз тек банкроттық мәселені реттеп жатырмыз. Қазір 5-15 жыл қарызын өтемеген адамдар келіп жатыр», - деді комитет өкілі Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы Меруерт Сисембаеваның айтуынша, банкроттық рәсімдеріне 18 жастан 92 жасқа дейінгі әртүрлі жастағы адамдар жүгініп жатыр.

«Негізінен 40-42 жас аралығындағы ер адамдар өтініш берген. Бұл – банкроттың орташа жасы. Атап айтқанда, негізгі банкроттардың 50 пайызы 5 жылдан астам қарызын өтемеген адамдар. Бұл өз кезегінде олардың біраздан бері несиелері бойынша қиындықтарға тап болғанын білдіреді. Қазіргі кезде 5 жылдан астам қарызын өтемеген 7295 адам банкрот деп танылды», - деді М.Сисембаева.

сот Банкрот

Тақырыпқа жаңалықтар