Астанада 223 «iPhone 18»-ді заңсыз әкелмек болғандар ұсталды

Астана әуежайында кеденшілер шетелден заңсыз әкелінген 223 iPhone 18 және 10 жұп AirPods тәркіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жолаушылар құрылғыларды багажында алып келгенімен, кедендік декларация тапсырмаған. Бір адамның жүгінен бірден 50 смартфон табылған.

Қолданыстағы тәртіп бойынша жеке пайдалануға бір адамға екі смартфоннан артық әкелуге рұқсат етілмейді.

Ұсталған техника уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Қазір материалдар бойынша әкімшілік іс қаралып жатыр.

Астана Әуежай жолаушылар Кеденшілер

Тақырыпқа жаңалықтар