Қазақстан жаңалықтары21 сәуір 2024, 14:35

ШҚО-да Үлбі өзені көтеріліп, жолды су шайып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында Үлбі өзені көтеріліп, жолды су шайып жатыр. Глубокое ауданындағы Үлбі өзенінің су деңгейі көтеріліп, Степное ауылының арғы жағында орналасқан карьер жағасын және технологиялық жолды су шайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Жолды су алғанымен, жергілікті тұрғын үйлер аулаларға қауіп төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ бұл жол арқылы елді мекендерге көлік қатынамайтын. Су жағасы мен шайылған жол бөлігі су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін қайта қалыпқа келтіріледі», - деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алтай ауданы Полянское ауылдық округінде Таволжанка өзенінің суы көтеріліп, Дородница ауылына апаратын жолдың бетіне шыққан. Аталмыш ауыл жоғары жерде орналасқандықтан елді мекенге қауіп жоқ. Жол арқылы көлік қозғалысына шектеу қойылмады.

«Екі жағдай бойынша да тәулік бойы мамандар бақылау жүргізуде. Қазіргі уақытта арнайы техника және мамандар әзірленген», - делінген ақпаратта.

ШҚО Үлбі өзені Тасқын

Тақырыпқа жаңалықтар