Қазақстан жаңалықтары22 сәуір 2024, 9:23

Су басқан аумақтарда қалу қауіпті — ТЖД

БҚО ТЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев өңірде су басқан аумақтарда болу қауіпті екендігі жөнінде тұрғындарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Р.Қасыбаевтың мәлім еткеніндей, Жайық және Шаған өзендерінде су деңгейінің қауіпті шектен асуына байланысты адам өміріне қауіп төніп тұр, деп жазады Kazinform агенттігі.

«Бұған дейін „Венера“, „Речник“, „Арматурщик“, „Учужный затон“, „Стеновик“, 1, 2 және 3-бау-бақша серіктестіктерінен эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты аталған саяжайларды су басты. Су басқан аумақтарға бару қауіпті. Әсіресе, Самара-Шымкент жолында жүрген 1, 2, 3-саяжай тұрғындарынан қауіпсіз жерге кетуді талап етеміз. Сондай-ақ „Самал“ ауданы тұрғындарына эвакуациялану керектігін қатаң түрде ескертеміз. Электр және газ құрылғыларын өшіріп, терезелер мен есіктерді жабыңыз. Үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріңіз» деді Р.Қасыбаев.

Ол сондай-ақ жақын маңдағы эвакуациялық пунктерге баруға кеңес берді.

Сенім телефоны — 8-711-2-55-40-88.

Шұғыл қызмет телефоны — 101, 112.

Айта кетейік, Орал қаласының маңындағы су басқан саяжай аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Әуеде тікұшақ жұмыс істеуде.

Осы сағатқа дейін 100-ден астам үй жануары эвакуацияланды.

Тасқын аймақтар Қауіп

Тақырыпқа жаңалықтар