Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2024, 10:07

Су тасқыны: 85 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Су тасқынына ұшыраған өңірлердегі бүгінгі жағдай бойынша жедел ақпарат таратылды. ТЖМ өкілінің айтуынша, еліміздің 9 өңірінде (Ақтөбе, Қостанай, БҚО, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және СҚО) жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Азаматтық қорғау қызметінің күшімен 85 мыңға жуық адам, оның ішінде 30 мыңға жуық бала эвакуацияланды. Қазір уақытша орналастыру пункттерінде 8349 адам, оның арасында 3809 бала бар. Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқаршуы органдардың күшімен 8 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорылды. Сонымен қоса 1 мыңнан астам құм қапшық және 1 тоннадан астам инертті материалдар төселді. Авариялық құтқару жұмыстарына 16 мыңнан астам және 2500-ге жуық техника жұмылдырылды. Жедел желі телефондарына 1129 қоңырау келіп түсті және 76 адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастыруда», - деді Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш.

 

 

Су тасқыны эвакуация 85 мыңға жуық адам аймақтар

Тақырыпқа жаңалықтар