Қазақстан жаңалықтары6 мамыр 2024, 17:23

Су тасқыны: Үйіне оралғандар саны 50 мыңға таяды

Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облысында су сору және бөгет қою жұмыстары жүріп жатыр. Су тасқынына қатысты соңғы ақпаратпен Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп бөлісті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Бүгінде 48 945 адам үйіне оралды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 445 адам, 1 284 техника, 329 су сору құралы және 66 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Министрлік өкілінің соңғы мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында тасқын аумақтарынан су сору жұмыстары жалғасуда. Өткен тәулікте 184 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылған.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс ауылында Торғай өзені су деңгейінің біртіндеп көтерілуіне байланысты ұзындығы 2,5 шақырым бөгет тұрғызылып жатыр. Сонымен қатар 30 мыңнан астам қап және 19 мыңнан астам инертті материал төселді. Су деңгейіне сағат сайын мониоринг жүргізілуде, жағдай ерекше бақылауда.

Тасқын үйіне оралғандар Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар