Қазақстан жаңалықтары9 наурыз 2024, 9:00

Шымкентте жүк пойызы жас жігітті басып кетті

Шымкентте жүк пойызы жас жігіт қағып кетті. Оқыс оқиға 8 наурыз күні болды. Жиделібайсын көшесінде жүк пойызы жас жігітті қағып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, 18-20 жас аралығындағы жігітті пойыз 20-30 метрге жерге сүйреп кеткен.

Көліктегі полиция департаменті аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқандығын мәлімдеді.

«Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды»,- ведомства ақпаратында.

Шымкент жүк пойызы өлім Оқыс оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар