Placeholder Талдықорғанда 1284 дана вейп сатпақ болған екі жігіт ұсталды
Фото: Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Jetisw oblısı PD
Қазақстан жаңалықтары11 қыркүйек 2024, 3:00

Талдықорғанда 1284 дана вейп сатпақ болған екі жігіт ұсталды

Жетісу облысында жедел іс-шара барысында заңсыз вейп сатпақшы болған екі ер адам ұсталды. 18 және 22 жастағы азаматтардың бірі тауарды жеткізіп беруші, екіншісі сатушы екені анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары 1284 дана вейп тәркілеген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жетісу облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

 

Талдықорған вейп ер адам ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар