Қазақстан жаңалықтары3 қаңтар 2024, 21:22

Талдықорғанда жаппай төбелеске қатысқан 8 адам ұсталды

30 желтоқсан күні Талдықорған қаласындағы кафелердің бірінде шу шығып, келушілер арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласты. Оқиға орнына келген полиция үш адамды ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгін Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарының тыныштығын бұзған оқиға жайында мәлімдеме жасаған Жетісу полициясы жаппай төбелеске қатысы бар тағы 5 адамның қамауға алынғанын жария етті.

- Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қоғамдық орында тәртіпсіздік ұйымдастырып, топтық төбелеске қатысқаны үшін айыпталып отыр, - дейді Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы Арман Саданов.

Талдықорған Төбелес Кафе

Тақырыпқа жаңалықтар