Placeholder
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары11 қыркүйек 2024, 11:23

Тамара Дүйсенова: Уақытты кері қайтаруды Үкімет деңгейінде қарастыру әлі ерте

Депуттар ұсынысы қараусыз қалмайды. Өткен аптада ғана «бұрынғы уақытты қайтару керек» деген бір топ мәжілісменнің мәлімдемесін, енді Үкімет аталмыш сұрақты халық қалаулыларымен бірге қарастырмақ. Дегенмен, әзір емес. Өйткені уақытты кері қайтару туралы бастаманы үкімет деңгейінде қарастыру әлі ерте деп санайды премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова. Себебі: халық денсаулығына сағат тілінің кері шегінгені қалай әсер еткенін бағдарлап, түпкілікті шешім шығаратындай уақыт өтпеген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Айта кетсек, өткен аптада ғана бір топ мәжіліс депутаты халықпен кездескендегі ең көп қойылған сауалдардың ішінде осы уақытты кері қайтару мәселесі көш бастап тұр деген, деп жазады КТК телеарнасы.

«Тым болмаса, жазғы-қысқы уақытқа көшсек» деп өтініш білдіргендердің де қарасы көп болыпты. Мәжілісмендер "Үкіметтің нақты шешім қабылдауына ықпал етіп көреміз" деп үндеу де жасаған.

Тамара Дүйсенова, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

— Бұл ұсынысты депутаттық корпус көтерді. Енді Үкімет деңгейінде қайта қараймыз. Жалпы осы тұста, жаңа уақыт белдеуіне ауысқанымызға жыл да толмады. Сағат тілінің ауысуының қандай салдары барын жалпы қарастыру керек. Кем дегенде, денсаулық сақтау жүйесінде. Біз электр энергиясын пайдалану жүйесінде күрт ауытқуды көріп тұрған жоқпыз. Барлық ұсыныстарын назарға ала отырып, тиісті мемлекеттік органдармен қарастырып жауап береміз.

 

Тамара Дүйсенова Уақытты кері қайтару уақыт белдеуі

Тақырыпқа жаңалықтар