Placeholder
Фото: Александр Павский / Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары14 тамыз 2024, 9:12

Теміржолды кесіп өткен 28 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері 28 589 адам белгіленбеген жерлердегі теміржолдарды кесіп өткен. Ал, пойыз астына түскен 55 адамның жартысынан көбі қайтыс болған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді. Жалпы пойыздар 1 268 рет шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Оның 205-і жеке адамдарға байланысты болса, 956 жағдай жануарлардың жолға шығып кетуінен болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай-ақ пойыз астына түсіп кеткен 55 адамның жартысынан көбі көз жұмды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Демалыс күндері Жетісу облысы «Қарабұлақ-Талдықорған» аралығында жүк пойызы белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде мерт болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Өкінішке қарай қайғылы оқиғалардың көпшілігі теміржолда жүріп-тұру ережелерін сақтамау салдарынан болады. Әлі күнге дейін адамдар теміржолдың қаншалықты қауіпті аймақ екенін, оның зардаптарын жете түсінбейді», - деді полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев.

Көліктегі полицейлер тұрғындарды теміржолда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

«Жаяу жүргіншілер төсем арқылы өтпес бұрын теміржолда пойыздың, локомотивтің немесе вагондардың жоқтығына әбден көз жеткізгендері жөн. Тіпті, пойыздың сигналын есту үшін құлаққапты шешіп өту өте маңызды» - деді ол.

әкімшілік жауапкершілік Теміржол жолды кесіп өту

Тақырыпқа жаңалықтар