Қазақстан жаңалықтары24 сәуір 2024, 9:00

Той үстінде автоматтан оқ жаудырған ер адам ұсталды

Алматы облысында үйлену тойы кезінде ер адам автоматтан оқ жаудырған. Әлеуметтік желіге шыққан видеодан үйлену тойы кезінде ер адамның АК-74 автоматынан бірнеше рет оқ атқанын көруге болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жазбада оқиғаның Қаскелең қаласында болғаны айтылған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Оқиға 2022 жылдың жазында Қарасай ауданы мейрамханасының аумағында болған.

— 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, қамауға алынды. Одан АК-74 автоматы табылып, тәркіленді. Күдікті шынымен де танысының үйлену тойында бірнеше рет оқ атқан, — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Алматы облысы той автомат Күдікті

Тақырыпқа жаңалықтар