Қазақстан жаңалықтары22 қараша 2023, 12:55

Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында қарастырылған қосымша шаралар

Заң жобасында азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында мынадай қосымша шаралар қарастырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл тұрғыда жетім балалардың; көпбалалы отбасылардың; толық емес отбасылардың; мүгедектігі бар бала асырап отырған отбасы балаларының кәмелетке толуына немесе олардың қайтыс болуына байланысты мәртебесі өзгерген жағдайда олардың кезектілігін сақтау ескерілген.

Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін де тұрғын үй бөлу кезінде қосымша бөлме бөлу қарастырылған.

«Заң жобасында сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік немесе қоғамдық міндетін атқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларын бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз етуі ескерілген», — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Бұл ретте мемлекеттік міндеттерді, әскери қызметті атқару және құқықтық тәртіпті қорғау кезінде, сондай-ақ адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасын бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы норма заң жобасына енгізілді.

 

Тұрғын үйді жақсарту Үкімет шаралар

Тақырыпқа жаңалықтар