Қазақстан жаңалықтары25 шілде 2024, 14:23

Түрік компаниясы Қазақстанда 5000 тонналық көкөніс қоймасын салады

Ауыл шаруашылығы министрі орынбасары Ермек Кенжеханұлы Түркия Республикасында жеміс пен көкөніс сақтау саласында жетекші компаниясының Басқарма төрағасы Ылыджа Мустафамен кездесу өткізді. Қос тарап инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Кәсіпорын қоймаларының сыйымдылығы — жылына 14 мың тонна жеміс-жидек, ал, өңдеу қуаты — жылына 35 мың тонна, - деп хабарлайды Arbat.media.

Түркия компаниясының өнімдері әлемнің 18 еліне экспортталады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Компания қуаты 5 мың тонна көкөніс қоймасын салуға мүдделі.

Сірке суы мен көкөніс консервісін өндіруді жолға қою ниеті бар. Жобаға салынған инвестиция сомасы — 15 млн АҚШ доллары.

Ылыджа Мустафа жоба Алматы облысында іске асырылатынын, оған Қазақстандық серіктес анықталғанын хабарлады.

Өз кезегінде вице-министр инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау, көзделген субсидиялар, жеңілдіктер мен преференциялар туралы айтып берді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыруға барынша жәрдем көрсетуге дайын», — деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.

ауыл шаруашылығы министрі түрік компаниясы көкөніс қоймасы 5000 тонналық

Тақырыпқа жаңалықтар