Астанада 2,5 мың баланың пайдасына 2 млрд теңгеден астам алимент өндіріп алынды
Бүгінде елордалық 5,5 мың борышкер өз балаларына 26 млрд теңге көлеміндегі табысын жасырған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Прокурорлар борышкерлермен күрестің жаңа әдіс енгізді – бұдан былай өндіріп алу кезінде борышкерлердің арнайы техникасы да қамтылады.
Жаңа тәсілдің арқасында құны 2 млрд теңге болатын 126 бірлік құрылыс, жол және ауыл шаруашылығы техникасы анықталған.
Нәтижесінде анықталған млрд-таған кірістер мен арнайы техникаға өндіріп алуды қамтамасыз ету, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде Әділет министрлігіне қадағалау актісі енгізілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: