Қазақстан жаңалықтары1 желтоқсан 2023, 15:02

Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ұсталды

Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Олар ауданның арнайы жер қорындағы тартымды жер учаскелерін заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы ұсынған деп айыпталуда, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы облыс прокуратурасы жариялады.

Ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдеді деп күтіктелуде. Жер телімдерінің нарықтық құны 326 млн теңгені құрайтыны мәлім етілген.

Түркістан облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталып отырған күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу жүріп жатыр. 

 

Түркістан облысы лауазымды тұлғалар Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар